«Сұңқар» эфирге қайта шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сұңқар» эфирге қайта шықты

04.04.2015
«Сұңқар» эфирге қайта шықты

«Сұңқар» – атбегілікті серік еткен ауыл адамдарының өмірі суреттелген фильм. Негізгі кейіпкер – Біржан жетім қалған құлынды асырап, баптап өсіреді. Өзі Сұңқар деп атаған осы жетім тай оған бозбала шақта да, өмірдің небір бұралаң тұстарында, кедергілер кездескен, сатқындықтарға тап болған шағында да сенімді серік болады.

Сұңқар – Ақан серіге сән берген Құлагердің, Қобыландының қанатына айналған Тайбурылдың тұяғы. Талай жарыстан жүлдемен оралған арғымақ жігітке де, оның отбасына да үлкен абырой әкеледі.

Көрерменнің сұрауы бойынша эфирге қайта шыққан телетуындының алғашқы бөлімдерін бүгін 14.15-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу