Астанада «Спорт – ұлт денсаулығы» атты форум өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Спорт – ұлт денсаулығы» атты форум өтті (ФОТО)

03.04.2015
Астанада «Спорт – ұлт  денсаулығы»  атты  форум өтті  (ФОТО)

Шараға Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктерінің басшылары, қоғам қайраткерлері, спорт зейнеткерлері, ҚР Студенттік спорт федерациясының өкілдері, сонымен қатар, 2015 жылғы қысқы Бүкіләлемдік Универсияданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Форумның ашылу салтанатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев құттықтау сөз сөйлеп, өсіп келе жатқан  ұрпаққа, олардың денешынықтыру және спортпен айналысуға деген құштарлығына, республикадағы спорттық инфрақұрылымның жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету мен дамуына қолдауын білдірді.

Сонымен қатар, Мәдениет  және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев және бірнеше  танымал тұлғалар сөз сөйледі.

Форум қорытындысы бойынша Қазақ спортының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен елдегі денешынықтыру, спорттық қозғалыстың  дамуына жағдай жасау бойынша ұсыныстар Резолюциясы қабылданды.

Хабарламаларға жазылу