Той жасаудағы теңсіздік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Той жасаудағы теңсіздік

03.04.2015
Той жасаудағы теңсіздік

Бүгінде бір ғана қыз ұзату тойына ең аз дегенде 20-40 мың АҚШ доллары жұмсалады екен. Әлеуметтік сауалнамаға жауап берген жандардың 60 пайызы тойды өзгелерден ұят болмау үшін намысқа тырысып жасайды. Кит, тоғыздықтың жайы тіпті бөлек.

Жігіт жағы той жасау үшін деп, қыздың ата-анасы ұзатуға деп несие алады. Соңынан сол тойға алған несиені жастардың мойнынан іліп қоятын жайттар көптеп кездеседі.

Кейінгі кездері  несие – той өткізудің бірден-бір қаржы құралына айналғаны да рас. Тойдағы құдалар арасындағы тартыс пен әлеуметтік теңсіздік туралы әңгіме жастарға қаншалықты кедергі?

Бүгін 15.05-те «Әйел бақытынан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу