Бүгін – Абдолла Жұмағалиевтің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Абдолла Жұмағалиевтің туған күні

03.04.2015
Бүгін – Абдолла Жұмағалиевтің туған күні

Кезінде Қадыр Мырза Әлі: «Ақын Абдолла Жұмағалиев Отан үшін майданда от болып жанып кетті. Оның алауы әлі сөнген жоқ, сөнбек те емес. Ол – мәңгілік алау»,-деген екен.

Ел басына күн туған шақта әр сарбаз қолына қару алып, майданға аттанды. Оның арасында қазақтың небір талантты, қарымды қаламгерлері де болды. Қасарысқан жауға қаймықпай қарсы шапқан есіл ерлердің бірі – әдебиет әлемінде қайталанбас қолтаңба қалдырған ақын Абдолла Жұмағалиев.

Абдолла Жұмағалиев есімі Кеңес кезеңінде әдеби ортаға ерте танылды. Өлеңдері еліміздегі бірқатар басылымдарға жарияланып, әдеби альманахтарда жарық көрді. 1939-1941 жылдар аралығында ол Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор қызметін атқарды.

Соғыс басталғаннан-ақ, ақын қаламын қаруға айырбастап, майдан даласының алғы шебіне жөнелтілді. Алайда, 4 айдан кейін ақын шайқас кезінде көзсіз ерлікпен қаза тапты.

Қайсар ақын өмірден ерте өтсе де, әдеби мұралары өміршең...

Толығырақ – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу