IV «Өз елім» музыкалық фестиваль шымылдығын түрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IV «Өз елім» музыкалық фестиваль шымылдығын түрді

31.03.2015
IV «Өз елім» музыкалық фестиваль шымылдығын түрді

Елордадағы Конгресс-Холл залында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» атты IV кезекті фестиваль шымылдығын түрді. Фестивальге алыс-жақыннан мәртебелі меймандар жиналды. Бірнеше күнге созылатын байқауға музыка әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар музыка шеберлері төрелік етеді.

«Биыл байқау төртінші рет өткізіліп отыр. Байқауға қатысушылар өте көп. Мұның өзі үлкен дәреже. Бұл жерден жүлде алмаған жастар тәлім-тәрбие алып кетеді»,-дейді КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова.

Байқау Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығына арналып отыр. Мәдени шараға Қазақстан мен Ресейдің барлық аймағынан 16-35 жас аралығындағы талантты өнерпаздар қатысуда. Олар жеребе тарту арқылы бақ сынап, бірнеше айналымнан өтеді.

ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов: «Бір ұрпақтан бір ұрпақ озып тұрмаса, өнер өспейді. Бұл байқаудың мәдениетімізді өркендету жолында маңызы зор. Сондықтан, талапты жастар озады деген үміттемін. Жастардың бағыт-бағдарын айқындау үшін мұндай сайыстар өте қажет»,-дейді.

Қатысушылар классикалық вокал, домбыра және дирижерлық өнер аталымдары бойынша сайысқа түседі.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу