Қайраты мықты Қазтай ата - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайраты мықты Қазтай ата

30.03.2015
Қайраты мықты Қазтай ата

1942 жылдың күзінде әкесі екеуін соғысқа қатар ша­қыртқан Қазтай Ескендірұлы Тыныштықов  алғашында Баш­құртстанда орналасқан оқу-жаттығу лагерінде 3 айдай болып, әскери өмірдің әліп­песімен танысады.

«Жасының ұлғай­ған­дығын ескеріп, әкемді еңбек ар­миясына жіберді. Сол кет­кеннен қайран әкем хабарсыз кетті. Еңбек армиясынан оралмады...»,-дейді ардагер.

Кейіннен Ленинград, Курск доғасындағы шайқастарға атқыштар пол­кі­нің құрамында қатысқан Қазтай қария ротадағы жетпіс атқыштан тоғыз кісі қалған да кез болғанын еске алады.

Тоқсанға шықса да, әлі тың Қазтай ақсақалдың естелігін бүгін 22.40-та «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу