Астана мен Тбилиси арасында жаңа әуе рейсі ашылады - Елші Зураб Патарадзе - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана мен Тбилиси арасында жаңа әуе рейсі ашылады - Елші Зураб Патарадзе

30.03.2015
Астана мен Тбилиси арасында жаңа әуе рейсі ашылады - Елші Зураб Патарадзе

Биыл жазда Астана мен Тбилиси арасында жаңа әуе бағыты ашылатын болды. Бұл туралы бүгін Астана-Батуми бизнес-форумында Қазақстандағы Грузияның Елшісі Зураб Патарадзе мәлім етті.

«Соңғы жылдары Грузияға Қазақстан тарапынан келетін қонақтар саны айтарлықтай өсті. Бұл - елдер арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқандығының дәлелі. Туристік сапарлардың артуына байланысты қазақстандық «Air Astana» компаниясы 2015 жылдың 2 маусымынан бастап «Астана -Тбилиси- Астана» тұрақты әуе байланысын ашатын болды», - деді Грузия Елшісі.

Оның айтуынша, аталған әуе рейсін іске қосу қазіргі кезде өте қажет.

Айта кетейік, форумды ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Аждария Автономдық Республикасының (Грузия) Қаржы және экономика министрлігі, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы бірлесе ұйымдастырып отыр. Шараға Қазақстан мен Грузияның құрылыс, туризм, өнеркәсіп, көлік, медицина салаларының компаниялары қатысуда.

 

Хабарламаларға жазылу