21-22 мамыр күндері Астанада VIII Астана экономикалық форумы өтеді. Астана экономикалық форумы – штаб-пәтері Астанада орналасқан халықаралық ірі форумдардың бірі. Бұл – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен ұйымдастырылатын халықаралық алаң.
2008 жылдан бері АЭФ жыл сайын әлемнің 150-ден астам елінен 10 мыңнан астам делегат жинайды. Олардың арасында мемлекеттік тұлғалар, жетекші саясаткерлер мен Нобель сыйлығының лауреаттары, қаржы сарапшылары мен бизнес қауымдастықтардың өкілдері бар.
Форумның негізгі мақсаты – әлемдік экономиканың проблемалары мен мүмкіндіктерін талқылау. Халықаралық қауымдастықтағы Қазақстанның рөлі, сондай-ақ, негізгі экономикалық және әлеуметтік мәселелердің шешілу жолдарын анықтау.
АЭФ VIII - «Жасыл экономика»» және инновациялар; Бизнес және капитал нарықтары; Инклюзивті даму және адами капитал; Интеграция және әлемдік экономика; Инфрақұрылым; Экспозициялар (көрмелер) тақырыптары аясында өтеді.