Ричард III қайта жерленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ричард III қайта жерленді

29.03.2015
Ричард III қайта жерленді

Майдан даласында қаза тапқан ең соңғы ағылшын королінің мәйіті бейсенбі күні Лестер қаласына қайта жерленді.  Ричард III Лестерге қайта жерленуі айтулы оқиғаға айналып әрі туристер ағымын күшейткен. Бір қызығы, жергілікті шаштараздардың бірі «Ричард III» деген шаш үлгісін ұсынған.

XV ғасырда Англияны екі жылдай басқарған корольдің  мүрдесін археологтар 2012 жылы қаладағы автотұрақтардың бірінің астындағы көне монастырдан тауып алған.

Мемориалды қайта жерлеу шарасына корольдің туыстары, яғни, бүгінде герцогтың титулын иеленіп жүрген Глостер Ричард және майдан даласында Ричардтың жақтастары мен қарсыластарының ұрпақтары қатысты.

Ал, Елизавета II өзі келмесе де, арнайы хат жолдаған.

«Ричард III қайта жерленуі – ұлттық және халықаралық маңызды шара. Король мүрдесінің Лестерден табылуы – біздің еліміздің тарихындағы археологиялық маңызды оқиға. Майдан даласында небәрі 32 жасында мерт болған Ричард III  енді Англияның жүрегі – Лестер қаласында мәңгілік мекенін таппақ», делінген хабарламада.

Шараға 35 мыңдай адам қатысқан.

Хабарламаларға жазылу