Еуро-2016. Қазақстан футболшылары Исландия құрамасына есе жіберді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Қазақстан футболшылары Исландия құрамасына есе жіберді (ВИДЕО)

28.03.2015
Еуро-2016. Қазақстан футболшылары Исландия құрамасына есе жіберді (ВИДЕО)

13182 жанкүйер жиналған «Астана-Арена» стадионында өткен ойын 0:3 есебімен аяқталды. Матчтың 20-шы минутында Эйдур Гудьонсен есепті ашып, қонақтарды алға шығарды. Ал, ойынның 32-ші минутында Биркир Бьярнасон тағы бір гол соғып, Исландия құрамасы 1-ші таймды 0:2 есебімен аяқтады. Ал, ойынның 92 минутында Биркир Бьярнасон дубль жасап, есепті 0:3-ге жеткізді.

Осы уақытқа дейін Исландия құрамасы іріктеу кезеңіндегі төрт ойынның тек біреуінде ғана жеңіліп, «А» тобынында екінші орында еді. Астанада аяқталған матчтан кейін олар топта 12 ұпай жинады. Ал, Қазақстан Ұлттық құрамасы бес ойыннан кейін әзірге бір ұпаймен топ соңында.

 

Хабарламаларға жазылу