Бақтияр Қожа өнердегі алғашқы қадамын Қызылорда өңірінде Жаңақорған ауданында көркемөнерпаздар ұжымында бастайды.
Өнер қуып Алматыға келген ол М.Әуезов атындағы театрдың актерлік студиясын аяқтаған соң 1980 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамына қабылданды.
Дарынды жас осы сахнада ұлттық, дүниежүзілік драматургия бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерде көріне бастады.
Театр сахнасында ғана емес, түрлі кинофильмдерде де өзіндік орны бар актер таяуда Ұлттық арна эфирінен көрсетілген «Жедел жәрдем» телехикаясында басты рөлді сомдаған еді.
Нұрлан Қоянбаевтың осы телехикаяға қатысты тосын да қызықты сауалдарына Бақтияр Қожа қалай жауап берер екен? Бүгін 23.30-да көріңіз.