Перзенттің ата-ана алдындағы борышы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перзенттің ата-ана алдындағы борышы қандай?

27.03.2015
Перзенттің ата-ана алдындағы борышы қандай?

Қазақта «Ата тұрып, бала сөйлегеннен без, ана тұрып, қыз сөйлегеннен без», «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» сынды терең мағыналы сөздер көп.

Дін мұсылман жолында әкені құрметтеу – айрықша парыз. Ал, мейірімнің   кәусәр  бұлағы  –  ана есімінен  қасиетті  ештеңе  жоқ. Сондықтан,  ананы  ардақтамайтын халық  болмайды.

Қашанда   «әкеңмен   ақылдас»,  «әкең  біледі»,  «әкеңнің  айтқанын  істе»  деген сөздерді баласының құлағына құйып отыратын қазақ әйелінің  бұл әрекеті оның – көрегендігі, тағылымды тәрбиесі.

Перзенттің ата-ана алдындағы борышы қандай? Бүгінгі ұрпақ «Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, парызынан құтыла алмайсың», деген тәлімді қалай түсінеді?

Қазіргі қоғамдағы тәрбие турасында бүгін 19.10-да «Иман айнасы» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу