Əнуарбек Байжанбаев – қазақ дикторларының атасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Əнуарбек Байжанбаев – қазақ дикторларының атасы

26.03.2015
Əнуарбек Байжанбаев – қазақ дикторларының атасы

Өткен ғасырда радиодан əр күн сайын саңқылдап естілетін бір ауыз сөз, дауыс орта буын мен аға буын өкілдерінің əрбіріне таныс, көңілге қымбат, жүрекке жақын. Бұл – Халық əртісі, қазақ дикторларының атасы, Əнуарбек Байжанбаевтың дауысы еді.

Әнуарбек Байжанбаев – тірісінде-ақ аңыз­­ға айналған адам. Қазақ радио­сында 50 жыл бойы еңбек еткен, бүкіл қазақты ерекше дауы­сымен баурап алған біртуар дарын иесі.

Дінмұхамед Қонаевпен жақсы сыйласқан Әнуарбек Байжанбаевты ол кісі «гүріл­деуік», дейді екен.

Аты аңызға айналған Əнуарбек Байжанбаев өмірінің бізге мəлім əрі беймəлім тұстары бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» ток-шоуында айтылмақ.

Хабарламаларға жазылу