Қазақстан – Исландия матчын грекиялық төрешілер басқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – Исландия матчын грекиялық төрешілер басқарады

26.03.2015
Қазақстан – Исландия матчын грекиялық төрешілер басқарады

Футболдан Еуро-2016 турнирінің іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Исландия арасындағы ойынды грекиялық төрешілер бригадасы басқарады.

Кездесудің бас төрешісі – Тасос Сидиропулос. Қапталдағы көмекшілері Дамианос Эфтимиадис және Полихронис Костарас. Төртінші төреші –Христос Акривос.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 28 наурыз күні Қазақстан-Исландия матчын Астана уақытымен сағат 20:40-та тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу