Мишель Платини УЕФА президенті болып қайта сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мишель Платини УЕФА президенті болып қайта сайланды

24.03.2015
Мишель Платини УЕФА президенті болып қайта сайланды

Еуропа футбол қауымдастығы одағының президенті (УЕФА) Мишель Платини қауымдастықтың президенті болып қайта сайланды. Бұл туралы УЕФА-ның Венада өткен XXXIX конгресінде мәлімдеді. 

Француз  футбол тарихында үздік ойыншылардың бірі Мишель Платини 2007 жылдың қаңтарында УЕФА президенті болып сайланған, ал 2011 жылы наурызда екінші мерзімге қайта сайланды. 

Мишель Платини 1955 жылы францияда дүниеге келген. 1984 жылы Еуропа чемпионы, франциялық «France Football» басылымының нұсқасы бойынша Францияның ХХ ғасырдағы үздік  футболшысы, 3 рет «Алтын доп» иегері (1983, 1984 және 1985) атанған. 

 

Хабарламаларға жазылу