Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

23.03.2015
Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

Кештің басты жекпе-жегінде 153 фунт (69,4 келі) салмақ көрсеткен 30 жастағы қазақстандық Қанат Ислам мен салмағы 153,8 фунт (69,7 келі) тартқан 31 жастағы колумбиялық Орландо Де Хесус Эстрада кездеседі.

Басты жекпе-жектің алдында шаршы алаңда 24 жастағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров пен 34 жастағы колумбиялық спортшы Дунис Линан кездеседі. Боксшылардың салмағы 147 фунттан (66, 7 келі) аспауы тиіс болған. Тұраровтың салмағы 147,4 фунт (66,8 келі), ал Линан - 145 фунт (65 келі) тартты.

Аталған бокс кеші Колумбияның «Telecaribe» арнасынан көрсетіледі. Тікелей эфир 24 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 02:00-де басталады.

Хабарламаларға жазылу