Наурыз мейрамына орай Халықаралық телекөпір өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурыз мейрамына орай Халықаралық телекөпір өтеді

22.03.2015
Наурыз мейрамына орай Халықаралық телекөпір өтеді

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын әлемнің әр түкпірінде  тіршілік кешіп жатқан қандастарды ата жұрттағы ағайынмен тікелей эфирдегі телекөпір арқылы қауыштыруды мақсат тұтып отыр.

Осы орайда, Қытай Халық Республикасы /Үрімші/, Түркия /Стамбул/, Қырғыз Республикасы /Бішкек/, Ресей /Астрахань/, Әзірбайжан /Баку/, Моңғолия /Улан-Батор/ елдерімен байланысқа шығып, түбі бір түркі халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлайтыны, қандай салт-дәстүр, әдет-ғұрып сақталғаны туралы жан-жақты мағлұмат беріп, ортақ мейрамды бірлесе тойлау жоспарланған.

Телекөпір барысында сол елдің тұрмыс-салты, жеткен жетістіктері туралы айтылып, ақын-жазушылар шығармашылықтарындағы жаңалықтарымен бөліседі. Көнекөз қариялар ертеректе Ұлыстың ұлы күнін қалай қарсы алғанын еске түсіріп, өнер майталмандары ән мен күйден шашу шашады.

Сондай-ақ, Астана, Алматы студияларына жиналған зиялы қауым өкілдері, тарихшы-этнограф, әнші-күйшілер көрермен қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Телекөпір наурыздың бүгін сағат 11.00-16.00 аралығында тікелей эфирде көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу