Ұлыстың ұлы күнін Ұлттық арна «Наурыз батамен» бастайды! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыстың ұлы күнін Ұлттық арна «Наурыз батамен» бастайды!

21.03.2015
Ұлыстың ұлы күнін Ұлттық арна «Наурыз батамен» бастайды!

Көшпелі өмір сүрген қазақ халқы үшін  қытымыр қыстың аяқталып, жер аяғы кеңитін көктем мезгілінің  орны ерекше. 

«Көгіне күнін өрлетіп, төрт түлігін төлдетіп,  қаймақ пен сүтін көлдетіп» келетін көктемнің шуақты күндері Наурызда халқымыз бір-бірін құттықтай барып, ізгі тілектерін жеткізіп отырған.

Қалыптасқан дәстүр бойынша бұл күні ренжіскендер ренішін ұмытып, кінәні кешірісетін, жастары жасамысына сәлемін, қарттары ұрпағына батасын береді.

Ұлыстың ұлы күнін Ұлттық арна «Наурыз батамен» бастайды! Ертең 06.00-де көріңіз.

Хабарламаларға жазылу