«Астана арландары» әзірбайжандық «Baku Fires» клубын 4:1 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» әзірбайжандық «Baku Fires» клубын 4:1 есебімен ұтты

21.03.2015
«Астана арландары» әзірбайжандық «Baku Fires» клубын 4:1 есебімен ұтты

Дүниежүзілік бокс сериясына (WSB) қатысып жатқан «Астана арландары» өз елімізде әзірбайжандық «Baku Fires» клубын қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

52 келідегі Олжас Сәттібаев арландардың жеңісін бастап берсе, 69 келідегі Қанағат Маралов, 81 келідегі Хрвое Сеп жеңіс жолын жалғастырды. Ал, +91 келідегі Филипп Хргович қарсыласын 1 раундта техникалық нокаутпен жеңді.

60 келідегі Зәкір Сафуллин әзірбайжандық қарсыласынан ұпай саны бойынша ұтылып қалды.

Оныншы турдан кейін «Астана арландары» 30 ұпаймен «В» тобында жекедара көш бастады.

«Астана арландары» келесі жекпе-жегін сырт алаңда америкалық «USA Knockouts» клубына қарсы өткізеді. Кездесу 27 наурыз күніне жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу