Республикалық олимпиадада астаналық 7 оқушы I орын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық олимпиадада астаналық 7 оқушы I орын иеленді

20.03.2015
Республикалық олимпиадада  астаналық  7 оқушы I орын иеленді

 

13-18 наурыз аралығында Орал қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі өтті.

Сайыста астаналық оқушылар командасы жаратылыстану бағыты бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда» атанып,  7 «алтын», 6 «күмі»с, 13 «қола» және 2 грант иеленді.

Астана қаласының №38 мектеп-лицейінің оқушысы Дастан Нұрлыбайға және №60 мектеп-лицейінің оқушысы Исламбек Турукпаевқа  жоғарғы оқу орындарына грант берілді.

Айта кетейік, химия пәнінен – 1 оқушы, математикадан - 2, информатикадан  - 2 және  географиядан - 2 оқушы I орынды иеленді, деп хабарлайды astana.kz.

Хабарламаларға жазылу