Ұлы тұлғалардың Наурыз туралы айтқан толғамдары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлы тұлғалардың Наурыз туралы айтқан толғамдары

20.03.2015
Ұлы тұлғалардың Наурыз туралы айтқан толғамдары

Абай Құнанбайұлы: «Ол күнде наурыз – жазғытұрым мейрам болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнді «Ұлыстың ұлы күні», дейді екен»,-десе, көне мейрам турасында Ахмет Байтұрсынұлы: «Наурыз – қазақша жыл басы, біздің Жаңа жылымыз. Наурыз марттың басында болсын, ортасында болсын, әйтеуір, мартта келетін болса, шын мағынамен Жаңа жыл деп айтуға лайық»,-деген.

Бұл күнге алашордашылар да аса мән берген. Өздері де бас болып, атап өткен. Міржақып Дулатұлы: «Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы.  Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Бірақ, бұлардың бәрін салыстырғанда, Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді.  Неге десеңіз, марттың ескіше тоғызында, жаңаша 22-де Күн мен Түн теңеледі. Қыс өтіп, жаз жетіп, шаруаға кенеледі»,-дейді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу