22 наурыздың – Жыл басы екенін астрономия ілімі растайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 наурыздың – Жыл басы екенін астрономия ілімі растайды

20.03.2015
22 наурыздың – Жыл басы екенін астрономия ілімі растайды

22 наурыздың – Жыл басы екенін астрономия ілімі де растайды. Үркер жұлдызынан екі сағат бұрын қошқар мүйізіндей сәл иіліп шығыстан көтерілетін екі жарық жұлдыз бар.

Эклиптика жолымен көктемгі Күн мен Түннің теңелуі кезінде Күн осы шоқжұлдыздың тұсына  келетіні анықталған. Сондықтан, түркі жұрты үшін ғана емес, Жердің  солтүстік жарты шарында орналасқан елдер үшін жыл санауы осы мезгілден басталғаны жөн.

Жылдың 22 наурыздан басталуы Жердің Күнді айналу-қозғалу ерекшелігіне де байланысты. Жер бір жыл ішінде біркелкі уақытпен жылжымайды. Наурыздың 21-нен қыркүйектің 23-не дейінгі жазғы жартыжылдықты 186 тәулікте, ал, 23 қыркүйектен 21 наурызға дейінгі қысқы жартыжылдықты 179 тәулікте жүріп өтеді. Яғни, жаздағы жартыжылдықтың ұзаққа созылатынын негізге алуға болады.

Қазіргі техника мен ғылымның дәуірінде мұндай өзгерістерді түсіндіру оңай. Ал, осыдан бірнеше ғасыр бұрын ата-бабаларымыз осы құбылыстарды қалай анықтаған? Кейбір ғалымдар мұны киіз үймен байланыстырады. Неге?

Сұрақтарға жауап алғыңыз келсе, «Таңшолпанды» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу