Ілияс Байбосынов: Мен өзімді композитормын деп есептемеймін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ілияс Байбосынов: Мен өзімді композитормын деп есептемеймін

19.03.2015
Ілияс Байбосынов: Мен өзімді композитормын деп есептемеймін

Алғашқыда геолог болғысы келген әнші: «Менде екі таңдау тұрды. Жүрекке жақын болғаннан кейін өнерді таңдадым»,-дейді.

«Бүгінде қоржында 15 шақты ән бар. Барлық әншілермен байланыстамын. Өзім ән жазғаныммен, дауысыма келетін әнді ғана айтамын. Сондықтан, репертуарымдағы әндердәің басым көпшілігі өзімдікі емес.  Оның үстіне өзіңнің әніңді ғана айтсаң, бірсарынды болып кетеді».

«Маған сөзге қарап, ән шығару жеңіл. Себебі, өлең шумақтарында сол әннің табиғаты тұрады».

«Мен өзімді композитормын деп есептемеймін. Себебі, әлі кәсіби деңгейдегі сазгер бола қойған жоқпын, тек сол жолда қызмет етіп келемін. Әлі талай жұмыс істеу керек»,-дейді  әнші.

Сұхбаттың толық нұсқасын таңғы бағдарламадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу