«Әйел бақыты» Марат Омаровтың отбасымен сұхбат құрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты» Марат Омаровтың отбасымен сұхбат құрады

18.03.2015
«Әйел бақыты» Марат Омаровтың отбасымен сұхбат құрады

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, әнші, композитор Марат Омаровтың есімі қазақ халқына жақсы таныс.

Оның «Анашым», «Әке арманы», «Қыз сыны», «Сыңарым», «Әнші балапан», «Қоштасқым келмейді», «Арман қала – Астана» сынды туындылары тыңдарман жүрегінен орын таба білді.

Сахнада 30 жылдай еңбек етіп келе жатқан сазгердің жолын бүгінде өзі тәрбиелеп жүрген шәкірттері жалғауда.

Әйгілі композитордың әулетіне арналған отбасылық хабарды бүгін 15.05-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу