22 наурыз күні Астана қаласында Кекушинкай каратэсы бойынша 14 облыстан 700 спортшының қатысуымен бірінші рет Қазақстан чемпионаты өтеді.
Турнирдің ұйымдастырушылары – Бүкілқазақстандық Кёкушинкай каратэ ұйымы мен ҚР Спорт және мәдениет министрлігі.
Жарыстың бас төрешісі – Орта Азия бойынша жалғыз 6-данның иегері, Қазақстандағы Кекушинкай каратэ қозғалысының негізін салушы, шиһан –Тәжімұрат Толбайұлы Найзабеков.