Астанада «Золотой Олимпийский маршрут» кітабының тұсаукесері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Золотой Олимпийский маршрут» кітабының тұсаукесері өтеді

17.03.2015
Астанада «Золотой Олимпийский маршрут» кітабының тұсаукесері өтеді

Қазақстанға белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаевтың жаңа еңбегі – «Золотой Олимпийский маршрут» кітабының тұсаукесері ертең Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.

Кітап қазақстандық спортшылардың 2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарындағы толағай табысы туралы баяндайды. Сондай-ақ, «Сочи-2014» қысқы Олимпиада ойындары жайында мәліметтер қамтылған. Кітапта мыңға жуық фотосурет басылып шықты.

Тұсаукесер рәсіміне танымал спортшылар мен Лондонда атой салған олимпиадашылар қатысады. 

Хабарламаларға жазылу