Шығыс Қазақстан облысындағы 9 кәсіпорын EXPO-2017 құрылысына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысындағы 9 кәсіпорын EXPO-2017 құрылысына қатысады

17.03.2015
Шығыс Қазақстан облысындағы 9 кәсіпорын EXPO-2017 құрылысына қатысады

EXPO нысандарын салу кезінде тауарлары қолданылатын өндірушілердің тізіміне «Қазақсым» ЖШС (сым-тарту өнімдері), «Кемонт» ЖШС (жоғары және төмен вольтті электр жабдықтары), «Восток-Универсал» ЖШС (минералды тақталар), «Өскемен полиэтилен құбырлары зауыты» ЖШС, «Қазақцемент» ЖШС, «Полиус» ЖШС (полиэтилен қабықшалар), «Корунд LTD» ЖШС (өрттен сақтау заттары), «Үлбі-фтор кешені» ЖШС (гипс), «Эгрей» ЖШС (керамзит) компаниялары кіреді.

Бұл тізім бүгін Өскемен қаласында ұйымдастырылған кездесу кезінде жарияланды. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков пен «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Алмас Жаманбеков қатысты.

Аймақтардағы өндірушілермен кездесулер 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. «Астана EXPO-2017» компаниясының бас мердігерлері Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласындағы өндірушілермен меморандумға қол қойды.

Осы келісімдер аясында EXPO нысандары құрылысында жалпы сомасы 56 миллиард теңгені құрайтын 85 отандық өндірушінің өнімін қолдану туралы келісім бар.

Хабарламаларға жазылу