Құрылыс сапасын қайтсе жақсартуға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрылыс сапасын қайтсе жақсартуға болады?

17.03.2015
Құрылыс сапасын қайтсе жақсартуға болады?

Құрылыс саласы қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасындағы барынша қарқынды дамып келе жатқан сала. Десе де, құрылыс саласына қатысты қанша сын айтылса да, жаңадан бой көтерген ғимараттардың сапасы әлі де түзелмей келеді.

Қолданысқа берілген жаңа нысанның аз уақыт өткен соң қабырғасы қақырап шыға келуі қалыпты жағдайға айналған сияқты. Жаңадан салынған нысандардың сапасыздығы жөнінде құрылыс компанияларына қанша ескерту жасалса да, апатты жағдайдағы тұрғын үйлер, түрлі білім нысандары азаймай тұр.

Сонымен қатар, құрылысы бірнеше жылға созылған «сақалды» құрылыс тағы бар. Құрылыс сапасын қайтсе жақсартуға болады?

Жеке кәсіпкер Ерлан Алшынбаев бүгін  17.50-де «Өзекжарды» хабарында елдегі құрылыс жағдайына қатысты ойымен бөліспек.

Хабарламаларға жазылу