Ағылшын Премьер Лигасының 29-шы турындағы соңғы ойын бүгін Суонси қаласында жергілікті «Суонси Сити» мен «Ливерпуль» клубтары арасында өтеді.
Брендан Роджерс шәкірттері соңғы алты ойынның тек біреуінде тең ойнап, қалғанында жеңіске жеткен. Осылайша олар турнир кестесінде жағдайын жақсартып, Чемпиондар Лигасында ойнауға мүмкіндік беретін аймаққа жақындады. Айта кетейік, «Ливерпульге» дейін Брендан Роджерс «Суонси Сити» клубын жаттықтырған.
Ал, Гарри Монктың командасы соңғы кездесуде сырт алаңда «Тоттенхэм» клубына есе жіберген еді. Алайда «Суонси Сити» өз алаңында өте жақсы ойын көрсетіп жүр. Қарсыласына оңай берілетін команда емес. Сондықтан да қазір клуб турнир кестесінде 9-шы орында тұр. Егер «Суонси» бүгін жеңіске жететін болса, 43 ұпаймен 8-ші сатыға көтеріледі.
Еске сала кетейік, бүгін АПЛ-дың 29-шы туры аясында өтетін «Суонси Сити» мен «Ливерпуль» арасындағы матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 01:50-де тікелей эфирде көре аласыздар.