Боксшыларымыз Gee-bee турнирінде үш алтын, бір күміс, екі қола медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боксшыларымыз Gee-bee турнирінде үш алтын, бір күміс, екі қола медаль иеленді

16.03.2015
Боксшыларымыз Gee-bee турнирінде үш алтын, бір күміс, екі қола медаль иеленді

Бұл турнирге Қазақстан құрамасынан бес былғары қолғап шебері қатысқан. 64 келідегі Алмасбек Әлібеков пен 69 келідегі Сағадат Рахманқұлов қола жүлдені қанағат етсе, 91 келідегі Арбек Абдуғаниев финалда нидерландтық қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдегер атанды.

Ал,  52 келідегі Азат Махметов финалда ирландиялық Майлс Кэзейді, + 91 келідегі Нұржан Бекзатов ресейлік Никита Стоговты ұтып, турнирдің жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, 91 келідегі боксшымыз Арман Рысбектің финалдағы эстониялық қарсыласы Айнар Карлсон рингке шықпаған соң, Арман да турнирдің чемпионы атанды. 

Хабарламаларға жазылу