Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасына – 1 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасына – 1 жыл

15.03.2015
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасына – 1 жыл

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Кітапхана директорының міндетін атқарушы М.Қасымбеков президенттік кітапхананың жұмыс істей бастағаны Қазақстанның қоғамдық өмірі үшін маңызды оқиға екеніне тоқталды.

«Пайда болған бұл жаңа дәстүр республикамызда алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе арнасындағы президенттік институтты нығайтуға, сондай-ақ, ұзақмерзімдік перспективадағы мемлекеттің дамуындағы тарихи мұраны және саяси бірізділікті сақтауға бағытталған», - деді ол.

Кітапхананың жүрегі - жинақталған қоры. Бүгінде мұнда 40 мыңнан аса кітап пен журналдар, Мемлекет басшысының жеке мұрағатынан 101 мыңнан астам видео, аудио, фотоқұжаттар және басқа да дәстүрлі құжаттар, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметіне қатысты 700-ге тарта түрлі жәдігер сақтаулы.

«Елбасы кітапханасының міндеті кітапханалық-мұрағаттық немесе экспозициялық-көрме қызметімен шектелмейді», - деп атап өтті М.Қасымбеков.

 

Фото: ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу