Алматыда тұңғыш экологиялық көлік сататын дүкен ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тұңғыш экологиялық көлік сататын дүкен ашылды

15.03.2015
Алматыда тұңғыш экологиялық көлік сататын дүкен ашылды

 

Алматыда тұңғыш экологиялық көлік сататын дүкен ашылды. Сауда орнында қалалықтарға электроскутерлер мен электровеломопедтерді қолжетімді бағамен сатып алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа дүкеннің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ахметжан Есімов экологиялық тұрғыдан таза көліктердің бірнеше модельдерін таныстырды.

Қала басшысы мұндай орындардың қала тұрғындарының денсаулығын сақтауда және салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызы жоғары екендігін атап өтті. Оның айтуынша, ауаға тарайтын зиянды заттардың 80 пайызы қаладағы автокөліктердің түтінінен шығады екен.

«GREENBIKE» компаниясының ресми дилері электрокөліктерінің экотуризмге, спорттық бағыттағы модельдерін ұсынып отыр.

Сондай-ақ, оларға көрсетілетін қолайлы қызмет көрсету сызбасы да ойластырылған.

Сурет: dentons.com

Хабарламаларға жазылу