Шымкентте ескі қоқыс алаңы жабылып, жаңа қоқыс полигоны ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте ескі қоқыс алаңы жабылып, жаңа қоқыс полигоны ашылады

14.03.2015
Шымкентте ескі қоқыс алаңы жабылып, жаңа қоқыс полигоны ашылады

Қалалықтар шығаратын тұрмыстық қалдықтардың бір бөлігі Ташкент бағытындағы жаңа полигонға тасымалданады. Ал, екінші бөлігі Мәртөбе елді мекеніндегі алаңға тасымалданбақ.

Қаладан 25 шақырым қашықтықта жатқан жаңа қоқыс полигонына күн сайын қалдық артылған 135 көлік келеді деген жоспар бар. Жүк көлемі 1361 текшеметрді құрайды. Шаһар басшылары бұл алаңның қаладан шалғай жатқанын ескеріп, қаланың қоқыстарын екі жерге тасмалдамақ. Қаланың күншығыс бөлігіндегі шағынауданның тұрғындары қоқыстарын Мәртөбе ауылындағы полигонға шығаратын болады.

Жоспар бойынша ескі қоқыс полигоны 10 наурызда жабылуы тиіс болған. Алайда жақында жауған қар жаңа полигонға баруды қиындатып жіберген. 

Хабарламаларға жазылу