«Жан жылуы» хабарында – Мәрия Рахманның тағдыры - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жан жылуы» хабарында – Мәрия Рахманның тағдыры

13.03.2015
«Жан жылуы» хабарында – Мәрия Рахманның тағдыры

Мәрия Рахман арқасының қисық біткенінен зардап көріп жүрген бүлдіршін. Оның өзі де, сөзі де салмақты. Өмір ерте есейткен Мәрия: «Арқам ауырған кезде, анам уайымдайды. Мен көбіне ауырғанын жасырамын...»,-дейді.

Қатарластарынан кеш дамып келе жатқан сәбиінің жан күйзелісіне қиналған анасы: «Кейде Мәрия «Мама, мені қисық деп айтты»,-деп жылап келеді. Мен оған «Сен – сұлусың, сол себепті олар сені қызғанады»,-деп мақтаймын...»,-дейді.

Бүгін 17.00-де «Жан жылуы» хабарынан Мәрия Рахманның тағдыры туралы біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу