Ақұштап Бақтыгереева «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде өлең оқыды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақұштап Бақтыгереева «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде өлең оқыды (ВИДЕО)

13.03.2015
Ақұштап Бақтыгереева «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде өлең оқыды (ВИДЕО)

Сүйгізіп маңдайыңды таң нұрына,

Шыдауға туған ұлсың барлығына.

Алаштың еркіндігін алған ғасыр,

Жазылды бүгін анық тағдырыңа.

         Таңдаған тұңғышысың еркін елдің,

         Бәрі есте, толғанысы сол күндердің.

         Көк Туын еркіндіктің сүйіп тұрып,

         Халқыңа адалдықтың антын бердің.

Жөн айттың данаға да, балаға да,

Тарихтың көші жылжып барады алға.

Жаныңа тыныштық жоқ, Астананы

Әлемдік теңеймін деп қалаларға.

         Шаршайсың өзің анық, күйің бүгін,

         Сезесің қызғанды кім, сүйінді кім.

         Ұлы Абай айтып кеткен өсиеттеп,

         Жағуға бұл қазаққа қиындығын.

 Хат жазып, мазалайды сан-саладан,

Жауабын күтеді оның қаншама адам.

Кең дала, жас ұрпақтың қамын ойлап,

Кезің жоқ, толқымаған, шаршамаған.

         Сенеді тұңғышына қауым бүгін,

         Сезеді сенім жүгі ауырлығын.

         Нұр жүзді нар тұлғаңмен алға баста,

         Көтеріп дәуіріңнің ауыр жүгін.

Мына өмір неткен мұнша ғажап еді,

Тарихқа есіміңді жазады енді.

«Елбасым», «Тұңғышым» деп қол соғатын,

Өзіңмен бірге бүгін Қазақ елі!

Хабарламаларға жазылу