Павлодарда үшем дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда үшем дүниеге келді

12.03.2015
Павлодарда үшем дүниеге келді

Павлодар облыстық перзентханасында Марк, Макар және Роман есімді үшем дүниеге келді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Ағайынды Геращенколар – облыста биыл дүниеге келген алғашқы үшем. Әр баланың салмағы – шамамен 2 келідей. Денсаулықтары жақсы. Жуық арада барлық қажет екпелер жасалады», - дейді облыстық перзентхана бас дәрігерінің орынбасары Татьяна Другова.

Сәбилер жарық дүние есігін ашқан сәттен бастап тұрақты медициналық бақылауға алынған. Балалардың анасы Евгения Геращенко: «бұл - көптен күткен бақыт», - дейді.

Хабарламаларға жазылу