Елбасы: Басшылардың ауысуы мемлекеттік қызметке әсер етпеуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы: Басшылардың ауысуы мемлекеттік қызметке әсер етпеуі керек

11.03.2015
Елбасы: Басшылардың ауысуы мемлекеттік қызметке әсер етпеуі керек

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлер корпусын кәсіби және автономды құру – маңызды мәселе екенін айтты.

«Сайлау, министр, әкім және басқа да басшылардың ауысуы мемлекеттік қызметке әсер етпеуі керек. Бір әкім өзгерсе, соңынан тобыры келеді. Бұлай болмауы керек»,-деді Елбасы.

«Әр басшы төменнен бастап, барлық басқарма баспалдақтарынан өтуі тиіс»,-деді Президент.

Айта кету керек, бүгін Ұлттық арнадан «Нұр Отан» партиясының XVI съезінен арнайы хабарды сағат 21:30-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу