«Тәуелсіздік жылдарынан бері еске алатын болсақ, барлық жағдайымызды Қызылорда өңірімен-ақ салыстырып білуге болады. Кеңес одағы күйреген 90-шы жылдардың басында менің алдымда бүткіл Қызылорда халқын көшіру турасында мәселе тұрған болатын. Дала қаңырап қалды, жер сортаңданды. Арал аймағында жұмыс қалмай, Сырдың өзінде бірде су тапшы болса, енді бірде асып-тасып жатты. Сонда ақсақалдармен ақылдасып, бәрін қолға алып, жағдай жасауды бастадық. Кіші Аралға халық қайта келіп, балық кәсібіне ден қоя бастады. Қызылорда арқылы автокөлік желісі Қытайдан Еуропаға дейінгі аралыққа салынуда. Газ құбыры да батыстан оңтүстікке келді. Сырдың үстінен көпір салынды. Қызылорданың өзі де көркейіп, әлемнің 20 елінде ғана жүрекке жасалатын операция осында жасалатын болды», - деді Н. Назарбаев.
Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезін бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 21:30-де көре аласыздар.