Нұрлан Қуанышбайұлы: Съезге Оңтүстік Қазақстан облысынан 100-ден астам делегат келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Қуанышбайұлы: Съезге Оңтүстік Қазақстан облысынан 100-ден астам делегат келді

11.03.2015
Нұрлан Қуанышбайұлы: Съезге Оңтүстік Қазақстан облысынан 100-ден астам делегат келді

«Оңтүстік Қазақстан облысынан 100-ден астам делегат келіп отыр. Бүгін өтетін съезге Қазақ елінің жарқын болашағы, Елбасының жүргізіп отырған саясаты турасында әңгіме қозғау мақсатында қатыспақ ниеттеміз»,-дейді Нұрлан Қуанышбайұлы.

Аймақтың экономикалық тұрақтылығына тоқталған кәсіпкер: «Жалпы, тұрақтылық жұмыс болса, отбасы берекелі болса, содан басталады. Біздің аймақта бүгінде кәсіпкерлік жақсы дамыған. Қазір кейбір аудандарда жылыжайда  көкөніс егу басталып кетті. Кәсіп бастаймын деген азаматтарға барлық мүмкіндік жасалған»,-дейді.

Атбегілікпен де айналысатын Нұрлан Қуанышбайұлы қазақты жылқыдан бөліп қарауға болмайтынын айтады. «Бұл  қасиет – қазақтың тегінде бар. 4-5 жасымнан аттың үстінде келе жатырмын. Бүгінде мықты жылқыларым бар, көкпарға да қатысамыз»,-дейді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Айта кету керек, бүгін Ұлттық арнадан «Нұр Отан» партиясының XVI съезінен арнайы хабарды сағат 21:30-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу