Дэвис Кубогы. Недовесов Фоньиниді ұтып, Қазақстан құрамасын келесі кезеңге алып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дэвис Кубогы. Недовесов Фоньиниді ұтып, Қазақстан құрамасын келесі кезеңге алып шықты

08.03.2015
Дэвис Кубогы. Недовесов Фоньиниді ұтып, Қазақстан құрамасын келесі кезеңге алып шықты

Жарыс Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтті. Турнирдің соңғы күні Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Недовесов ATP рейтингісінде 22 орында тұрған италиялық Фабио Фоньини бес сетте ұтты.

3 сағат 45 минут созылған кездесу өте тартысты өтті. Алғашқы сетте теннисшілер 49 минут ойнап, жеңімпазды тек тай-брейкте анықтады. Жақсы ойын көрсеткен Кукушкин 7:6 (7:5) есебімен Фоньиниден басым түсті.

Ал, екінші және үшінші сетті ойынын қарқын қосқан Фабио Фоньини 3:6, 4:6 есебімен алға шыққан еді. Алайда, Недовесов бар күш-жігерін жинап, қателікті аз жіберудің нәтижесінде партиядағы есепті 2:2-ге жеткізді. Осыдан кейін шешуші 5-ші сетте екі теннисші де брейк жасап, ойын тағдыры тек 13-ші геймде шешілді. Яғни, Александр Недовесов 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Александр Ұлттық құрамаға жеңіс әкеліп, Қазақстан мен Италия арасындағы матчтар 3:2 есбімен аяқталды. Енді біздің құраманың ойыншылар келесі кезеңде Австралия құрамасымен кездеседі.        

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Италия теннисшілерінің арасындағы барлық ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

 

Фото: Дэвис Кубогының твиттердегі парақшасынан

 

 

Хабарламаларға жазылу