Мереке құтты болсын! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мереке құтты болсын!

08.03.2015
Мереке құтты болсын!

Көктемнің шуақты күндерінің басында, ең алғашқы мейрамдардың бірі ол – аналар күні. Әлемнің жарығы – ана. Бойымызға қуат, өмірімізге мазмұн дарытып отырған  аяулы аналар, асыл жарлар.

Елдіктің, тыныштықтың, береке мен бірліктің әр шаңырақтың ұйытқысы болып отырған да осы аяулы жандар.

8 наурыз әйелдер мерекесіне орай ел ағалары, қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары барша аналарды, қыз-келіншектерді төл мерекелерімен құттықтайды.

Танымал тұлғалардың жылы лебіздерін Ұлттық арнадан бүгін сағат 10.30, 12.05, 14.40, 18.00, 19.25, 19.55 және 22.30-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу