Қостанайда отандық өндіріс тауарларын насихаттауға арналған іс-шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда отандық өндіріс тауарларын насихаттауға арналған іс-шара өтті

05.03.2015
Қостанайда отандық өндіріс тауарларын насихаттауға арналған іс-шара өтті

Аталмыш шараға ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильин, Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Малика Бектұрова және ірі бизнес құрылым өкілдері қатысты.

Өндірістік көрмеде Iveco Citelis автобусы таныстырылды. Бүгінде аталмыш автобустар елорданың көлік инфрақұрылымында белсенді қолданылып жүр.

2014 жылдан бері осы техника қалалық маршруттарда қызмет көрсету үшін сатып алынуда. Жақын арада Қостанай зауытында Iveco Citelis автобустарын құрастыру қолға алынады.

Сондай-ақ, Астана әкімдігі мен қостанайлық автоөндірушілер арасында 2016 жылы 350 жаңа автобусты елордаға жеткізу бойынша келісімшарт жасалды.

Автобустар Астана қаласының климатына лайықталып жасалады. Қоғамдық көліктер 3 камералы шынымен, ауа баптағышпен және жылыту жүйелерімен жабдықталған, сондай-ақ, едендері берік жасалған.

Сонымен қатар, бейне бақылау жүйесі мен жолаушылардың санын анықтайтын құрылғы, WI-FI, валидатор және жолаушыларды ақпараттандыру жүйесі де бар.

Хабарламаларға жазылу