Кандидаттардың 8-і өзін-өзі ұсынса, бір азамат Қазақстанның коммунистік халық партиясы атынан президенттік сайлауға түсіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«5 наурызда ҚР Президенттігіне үміткер кандидат ретінде 9 адам тіркелді. Асқар Сырғабаев - жеке кәсіпкер. 1959 жылы дүниеге келген. Астана қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынып отыр. Сафиолла Алдажанов 1962 жылы дүниеге келген. Уақытша жұмыссыз, Астана қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған. Лимана Қойшиева - «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық ұйымының президенті. 1969 жылы дүниеге келген. Астана қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған. Бақыт Абдукаримов - «JH-Құрылыс» ЖШС-ның инженер құрылысшысы. 1977 жылы дүниеге келген. Өзін-өзі ұсынған. Астана қаласында тұрады. Сухраб Мырзашов - «JH-Құрылыс» ЖШС-нің жүргізушісі. 1984 жылы дүниеге келген. Астана қаласында тұратын бұл азамат та өзін-өзі ұсынып отыр. Есенбек Уктешбаев 1958 жылы дүниеге келген. Қоғам қайраткері, Алматы қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынып отыр. Якобжан Жүнісбеков 1946 жылы дүниеге келген, зейнеткер. Тұрғын Сыздықов 1947 жылы дүниеге келген. Мемлекеттік, банктік және қоғамдық қызмет көрсету мекемелері одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы. Бұл азаматтың кандидатурасын «Қазақстанның коммунистік халық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр. Жұман Қанат - «Астана мұнай групп 2007» ЖШС жанармай құю бекеттерінің басшысы. 1969 жылы дүниеге келген. Астана қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған», - дейді Бақыт Мелдешев.