Ат спорты түрлерімен таныс болыңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ат спорты түрлерімен таныс болыңыз

04.03.2015
Ат спорты түрлерімен таныс болыңыз

Бақкелді Сағынаев – ат спортын жанына серік еткен жан. Қаршадайынан атбегі ағаларының жанында өскен ол бүгінде ат үстінде бірнеше трюк жасай алады. Қазір Бақкелді ат спортының жаттықтырушысы. 20 жастағы жігіттің өнерін екінің бірі жасай алмасы белгілі. Үздіксіз еңбектің арқасында жеткен жетістіктері де аз емес.

«Ат спортымен бес жасымнан бастап айналысамын. Бұл спорттың бір жақсысы – денеңді де шынықтырасың, атпен де жұмыс істеп үйренесің. Қазір 8 трюк білемін. Оның барлығын 10 жасымнан бері үйреніп келемін. Әр трюкті жасау үшін күш керек. Аттың үстінде тұру, жату,  секіріп түсіп, қайта міну – қиын. Техника жақсы болуы қажет»,-дейді спортшы.

Ал, конкур спортына жастарды Самат Сүлейменов жаттықтырады. Ат үстінде қалай отыруды, оны қалай тізгіндеуді үйретеді. Сондай-ақ, конкурдың аттарын бөлек баптайды. Саматтың ат спортының бұл түрімен айналысып жүргеніне 10 жылдан астам уақыт болған.

«Конкур спортында ат бағаналарды құлатпай секіруі керек. Ол үшін шабандоз астындағы аттың қалай жүріп келе жатқанын, өзін қалай көтергенін сезінуі қажет»,-дейді Самат.

Ат спортының қыр-сырымен «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу