Айнұр Тұрсынбаева оқушылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айнұр Тұрсынбаева оқушылармен кездесті

03.03.2015
Айнұр Тұрсынбаева оқушылармен кездесті

Астанадағы мектептерде ел ағалары ашық сабақ өткізуде. Көктемнің алғашқы күнінде кезек айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваға келді. Бұл өзге ашық сабақтардан өзгерек. Оқушылар ұстаздарға емін-еркін сұрақ қойып, пікір алмасады.

Тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Саттарқызы: «8 наурыз мерекесіне орай біз «Қыздарға әсемдік жарасады» деген тақырыпта ақын Айнұр Тұрсынбаевамен кездесу ұйымдастырып отырмыз. Ондағы мақсат – қыз баланы қазақ «Гүл өссе, жердің көркі, қыз өссе елдің көркі»деп мақтан етеді емес пе? Соған орай қыздарымыз ақынмен пікір алмасуы үшін арнайы шақырдық»,-дейді.

Кездесу барысында әлеуметтік желіге тәуелділік тақырыбына қатысты да сөз қозғалды. «Елінің ақын, жазушысын танымаған бала, патриот бола алмайды. Ел басына күн туған жағдайда, елі үшін білек сыбанып шыға да алмайды. Сондықтан, егеменді елдің руһты ұл-қыздарын тәрбиелейміз десек, әлеуметтік желіден бір уақыт демалдыруымыз қажет»,-дейді ақын.

Кеш соңында ақын сөз өнері мен айтыстың қыр-сырына тоқталды. Сондай-ақ, айтыс кезінде болған қызықты оқиғаларын да есіне алды.

Кездесу туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу