Отандық «Өмір-ай» фильмі көрерменге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық «Өмір-ай» фильмі көрерменге жол тартты

02.03.2015
Отандық «Өмір-ай» фильмі көрерменге жол тартты

Түсіру жұмыстары екі жыл бұрын басталған «Өмір-ай» фильмі көрермен қауымға жол тартты. Отандық туындыны тамашалауға келген жұрттың басым көпшілігі – эстрада жұлдыздары. Фильмнің негізгі мақсаты – кейінгі толқын жастардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, біреудің қателігінен сабақ алуға үйрету.

Режиссер Шапағат Орынбаев түсірілім жұмыстарының небәрі  бір айға созылғанын айтады. Фильм сюжеті бойынша, бала кезден бірге өскен жан достар мектепті бітірісімен үлкен қалаға бет алады. Барлығының тілегі – ортақ, мақсаты – бір. Фильм соңы қайғылы оқиғамен аяқталады.

«Бұл фильм – өмір,  достық, адалдық туралы. Жалпы, адамның өмірдегі өсуі мен өзгеруі туралы баяндайды»,-дейді актер Еркебұлан Молдашев.

Фильм эпизодтарында қазақ эстрадасының әншілері Жеңіс Ысқақова, Нұржан Керменбаев, Рысбек Аташ, Медет Көжекбаев өнер көрсетсе, басты рөлдердің бірі әнші Мұрат Қожаға бұйырған.

Отандық туынды туралы қызықты мәліметті «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу