Азия туралы үздік журналистік жұмысқа байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия туралы үздік журналистік жұмысқа байқау жарияланды

01.03.2015
Азия туралы үздік журналистік жұмысқа байқау жарияланды

10 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тігілген байқауға Азия туралы жұмыстардың авторлары, журналистер шақырылады.

«Asia Society» ұйымы Осборн Эллиоттың «Азия туралы үздік журналистік еңбегі үшін» жүлдесіне өтініш қабылдауды бастады.

Конкурсқа 2014 жылы жарық көрген жұмыстар, онлайн-басылым немесе баспасөз  журналистері қатысады.

Өтініштер АҚШ-тан басқа елдерде қызмет ететін медиаұйымдардан да 15 наурызға дейін  қабылданады. Бірақ, материал ағылшын тілінде жарық көруі шарт.

Хабарламаларға жазылу