Павлодарлық оқушылар Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық оқушылар Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесті

28.02.2015
Павлодарлық оқушылар Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесті

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Қазақстанның Халық әртісі, актер, режиссер, профессор Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесті, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз хатшысы Рымгүл Божақановаға.

Мейман алдымен заманауи үлгідегі білім одасының робототехника, нанотехнология, биотехнология сынды бірқатар сыныптарды, жатақхана бөлмелерін, спорт залдары мен кітапхананы аралап, мектеп шәкіртерінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Айта кетерлігі, мектепте қалыптасқан игі дәстүр бойынша әр аптаның бейсенбісінде «Ақылды бейсенбі» жобасы аясында оқушылар қауымы еліміздің белгілі тұлғаларымен кездесу өткізеді.

«Сіздер бақыттысыздар, себебі Назарбаев зияткерлік мектебінде тәлім алудасыздар. Қазақстандағы ең зейінді, зерделі жастар - сіздерсіздер. Болашақта еліміздің көркеюі мен гүлденуіне үлес қосатын, білімді ұрпақ болатыңыздарына кәміл сенемін. Театрға барып отыруды ұмытпаңыздар», - деді Тұңғышбай Қадырұлы.

Кездесу соңында оқушылар сыйлы қоңаққа алғыстарын білдіріп, естелікке өздері салған қылқалам туындыларын табыстады. Сондай-ақ, еліміздің Халық әртісімен селфи жасап, естелік суретке түсті.

Хабарламаларға жазылу