«Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты патриоттық шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты патриоттық шара өтті

27.02.2015
«Елін сүйген, елі сүйген  - Елбасы» атты патриоттық шара өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін  ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында   Қазақстандық жастарды белсенділікке  шақырған Үндеу қабылданып,  «Елін сүйген, елі сүйген  - Елбасы» атты патриоттық театрландырылған флешмоб өтті.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары  А.А.Башмаков, «С.Сейфуллин атындағы  ҚазАТУ» АҚ Басқарма Төрағасы А.Қ.Күрішбаев, ҚР Парламент мәжілісінің Депутаты Бақытбек Смағұлұлы және т.б. лауазымды тұлғалар қатысты.  

«Бүгін біздің студенттеріміз еліміздегі саяси оқиғалардың бірі Қазақстан Республикасы Президентінің  мерзімінен бұрын өткізуіне  орай өздерінің белсенділіктері мен патриоттығын танытты. Біздің жастар қоғамдағы позитивті өзгерістердің барлығы Президент есімімен тікелей байланысты екенін біледі және алдағы уақытта да Елбасымен бірге еліміздің  болашақ -   бағыты айқын «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыра отырып, биік белестерді бағындыра береміз деп нық айта аламын!», - деді ҚазАТУ ректоры, профессор А.Қ.Күрішбаев.

Ал, ҚР Парламент мәжілісінің Депутаты Бақытбек Смағұлұлы жастарды  патриоттыққа үндеп, өз лебізін  жүрекжарды өлеңімен жеткізді.  

Университеттің талантты студенттері дайындаған «Елін сүйген, елі сүйген  - Елбасы» атты патриоттық шара театрландырылған шоу түрінде ұйымдастырылды. 

Хабарламаларға жазылу