«Ұшқын» шығармашылық байқауы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұшқын» шығармашылық байқауы жарияланды

27.02.2015
«Ұшқын» шығармашылық байқауы жарияланды

Қызылорда облысында он саусағынан өнер тамған мүмкіндігі шектеулі жандар туралы үздік мақала жазған жастар арасында «Ұшқын» шығармашылық байқауы жарияланды.

Байқауды   облыстық «Ақмешіт жастары» жастар газеті және «Ұшқын» мүгедектердің құқықтарын қорғау және жәрдем беру» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Мақсат – олардың өнерін, еңбекқорлығы мен белсенділігін өзгелерге үлгі ету, қамкөңіл жандардың жағдайына қоғам назарын аудару.

Сайысқа 14-35 жас аралығындағы оқырмандар (БАҚ өкілдері мен журналистика мамандығының студенттері қатыспайды) қатыса алады.

Мақала кейіпкері 14 пен 29 жас аралығындағы өнерімен, еңбегімен танылған талантты жан болуы шарт.

Байқауға 2015 жылдың 5 наурызынан 30 мамырына дейінгі аралықта Қызылорда облыстық «Ақмешіт жастары» газетінде жарияланған мақалалар қабылданады.

Хабарламаларға жазылу